Айғыз ауылындағы жаңа мешіттің ашылу салтанаты. (фото)

Аягөз ауданына қарасты Айғыз ауылында көпшіліктің демеушілігімен салынған жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа мешіттің ашылуына аудан әкімі Бақытжан Кәкенғажыұлы, парламент депутаты Нұртай Салихұлы, аудан имамы Думан қажы Нәдірұлы және мешіттің салынуына атсалысқан азаматтар қатысты. Мешіттің лентасы қыйылып, азан шақырылып, алғашқы жұма намазы өтті. Жаңа мешітте бір мұнара, ерлер намазханасы сонымен қатар әйелдер бөлмесі, имам бөлмесі салынған. Мешіт ашылуына орай, мерекелік шаралармен қатар, аламан бәйге ұйымдастырылды. Мешіттің ашылуына ауыл халқы разылық білдіріп, алғыстарын айтты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.