БАС МҮФТИ «НҰР МҮБӘРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз белгілі ғалым, профессор, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Шәмшадин Керімді қабылдады.

Кездесуде университеттің жұмысы, студенттердің білімі, ұстаздардың қызметі, т.б. мәселелер талқыланды. Бас мүфти діни маман даярлауда «Нұр Мүбәрак» университетінің рөлін айрықша атап өтті.

«Нұр Мүбәрак» – елімізде діни салада магистрлер мен докторанттарды даярлайтын жалғыз жоғары діни оқу орны бар. Діни басқарма оқу-ағарту саласы бойынша осы оқу орынның жұмысына айрықша маңыз береді. Біз жан-жақты, білімді діни маман даярлаумен қатар, олардың салауатты өміріне көңіл бөліп, қоғамдық, мемлекеттік іс-шараларда белсенділік танытуына маңыз беруіміз қажет», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Шәмшадин Керім өз кезегінде уақыт бөліп, арнайы қабылдаған ҚМДБ төрағасына алғысын жеткізіп, жуырда жарық көрген жаңа кітабын сыйға тартты.

Кездесу соңында Бас мүфти университет проректорына нақты тапсырмалар берді.