ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 23 772 ТҮП АҒАШ ЕКТІ (ФОТО)

2019 жылы мешіт имамдары 23 772 түп ағаш отырғызды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Іс басқарушысы Ербосын Орын хабарлады.

2019 жылы мешіт имамдары 23 772 түп ағаш отырғызды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Іс басқарушысы Ербосын Орын хабарлады.

«2019 жылы «Жұмыла тал отырғызайық» атты бастама аясында еліміз бойынша 23 772 түп ағаш мешіт аулалары мен көшелерге отырғызылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында қосымша 30 мың ағаш отырғызу жоспарымызда бар» деп атап өтті Е.Орын.

Айта кетсек, дін қызметкерлері жыл бойы жергілікті қалалық әкімдіктің бастамасымен өткен сенбілік, ағаш отырғызу шараларына тұрақты түрде үлес қосып келеді.