Қала аудан имамдарымен өткен жиын Фото

Бүгін Семей қаласындағы «Шәкәрім қажы» мешітінде Семей аймағындағы өкіл имам Алтыбай Мақсат қала, аудан имамдарының жалпы жиынын өткізді. Өңіріміздегі мешіттердің атқарылып жатқан мешіт жұмыстарының басын қосқан жиынға жиналған имамдарға орталық мешіт іс басқарушысы Рахимов Ержан Меңдібайұлы, бірқатар өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.

Жиналыс барысында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Төралқа жиналысында бекіткен тапсырмасына сәйкес мешіт іс басқарушыларының алты ай сайын жамағат алдында есеп беру турасында сөз болды. Сондай-ақ, мутәуәлли (іс басқарушы) қызметінің мақсаты мен міндеттерін жеткізді.

Кездесу соңында  имамдар  көкейлерінде   жүрген  ойларымен бөлісіп, ел тыныштығы үшін бірігіп жұмыс жасайық деген тұжырыммен  тарқасты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.