Қасиетті Рамазан айы қарсаңындағы жиын

Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты ауыл имам – молдаларының қасиетті Рамазан айына байланысты кезекті басқосу жиыны өтті. Аудан имамы Думан Нәдірұлы ҚМДБ тарапынан бас мүфтидің қасиетті ораза айына берілген бұйрықтарын баяндап, өкіл имамның  тапсырмаларын түсіндірді. Ауыл имам – молдаларына ұлық айда белсенді  жұмыс атқаруды, халыққа шама келгенше дұрыс қызмет жасауды тапсырды. Ауыл молдаларының ұсыныс – пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Жиын ақ дастархан басында жалғасып, ақсақалдар бата беріп, ел амандығын тіледі.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі