Қайырымдылық жәрмеңкесі

Аягөз қалалық мешітінің ауласында қасиетті жұма күні қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Мешіт жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында дәріс алушы апайлар тобы қолдан әртүрлі тағамдар әзірлеп, жәрмеңкеде жұма намазына келген жамағатқа сатты. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат 70530 (жетпіс мың бес жүз отыз) теңге жақын күнде үйі өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасына табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі