Құрбан айт қарсаңындағы БАҚ-пен кездесу

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамы қарсаңында Семей қаласы «Семей-Ақпарат» баспасөз клубында жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.

Баспасөз өкілдерімен кездескен ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілі, «Қос мұнаралы» орталық мешітінің бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы: “Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Малдың жақсысы мен тәуірін құрбандық ретінде таңдаңыз. Өйткені, ол «Сырат» көпірінде сізге көлік болады»” – дей келе, асыл дінімізде ерекше тұтатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу соңында өкіл имам Алтыбай Мақсат Семейліктерді мүбәрак Құрбан айт мерекесімен құттықтап, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.