Құрбан айтқа қарсы дайындық шаралары өтті

Cемей қалалық  Қос мұнаралы орталық мешітте Құрбан айт қарсаңында  сенбілік жасалды. Сенбілікке  Форте банк қызметкерлері, белсене қатысты. Мекеме қызметкерлері өздеріне бөлініп берілген мешіт аймағындағы қоршауларын сырлап, жаңарту  жұмыстарымен айналысты.

Айта кетейік, қалаға қарасты мешіттерде  де дәл осындай тазалық жұмыстары өткізіліп, дін қызметкерлері өз белсендіктерін танытты. Осындай игілікті іс-шаралар әлі де жалғасын таба бермек деген сенімдеміз.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.