Құрбан айттағы ақ дастархан

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасыны тарапынан қасиетті құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде өткізу тапсырмасына орай, Аягөз қалалық мешітінің жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында құрбан айт құрметіне ақ дастархан жайылды. Жайылған ақ дастархан басында аудан әкімі бастаған зиялы қауым өкілдерімен ақсақалдар айттық тілектерін білдірді. Бабалар мұрасы қара домбырамызбен жергілікті ақын Қазбек Байжұманов айттық арнауын орындады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің әртісі Нұрқасым аға қазақтың халық әндерін шырқады. Мешіттің осынау ізгі істеріне жиналған зиялы қауым алғыстарын білдірдіріп, келесі жылғы құрбан айт мерекесін аман – есен көруді Жаратқаннан тіледі..

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.