Мешіт имамдары тағы бір отбасына үй сыйлады

ҚМДБ – ның Бас муфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің  бұйрығымен су апатынан зардап шеккендерге облыс өңірлері өкілдіктерінен қайырымдылық көмек қолын созғандар жан – жақтан ағылған болатын. Сондай қайырымды жандардың көмегімен өткен жолы бір отбасы үйлі болып, қуанып мешітке алғыс айтты. Алматы аймағының өкілдігі және Қарағанды өңірі өкілдігі бірлесіп, бүгін тағы бір отбасына Құлжабаева Бақытгүл мен жары Дулатқа үй алып берді. Қуаныштарында шек жоқ су апатынан зардап шеккен отбасы Жаратқанға шүкір айтып, Алла үйі мешіт қызметкерлеріне, ел азаматтарына алғыстарын жаудырды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі