Наиб имам Ақтоғай бекетінде

Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы Ақтоғай бекеті «Мәнсүл» мешітінде «Ислам – татулық пен бірлікті бұйырады» атты тақырыпта уағыз айтып, жұма намазын өткізіп қайтты. Мешіт имамы Амангелді Серікханұлына Құран Кәрім, «Намаз оқып үйренейік», «Дәрет алу тәртібі» т.б кітаптарды табыс етіп, аудан имамы Думан Нәдірұлының тарапынан берілген тапсырманы жеткізді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі