Наурыз мейрамында жасалған қайырымдылық

ҚМДБның Семей өңірі бойынша «Әйел –қыздар секторы» Тыныбай қалалық мешітінде Наурыз мейрамына арналған қайырымдылық                      іс – шарасын  өткізді. Мұқтаж отбасының балаларын мешітке қонаққа шақырды.  Балалар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырып, тәрбиелік қойылымдар көрсетті.  Шараның соңында ақ жаулықты әжелер балаларға арнайы дайындалған сыйлықтарын табыстады. Азық түлікпен де жәрдем көрсетті. Балалар қуанып, тағы да мешітке қонаққа шақыруларын өтінді.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.