«Отбасылық мәселелерге байланысты» кеңес беру орталығы ашылды

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігі, «Қос мұнаралы» орталық мешітінің жанынан «Отбасылық мәселелерге байланысты» кеңес беру орталығы ашылды, ашылған күннен бастап-ақ отбасы түйткілдерімен бірнеше жанұя орталық кеңесіне жүгінді. Келген отбасыларды «Қос мұнаралы» мешітінің наиб имамы Елбек Тасболатұлы қабылдап, шариғи тұрғыда кеңестер берді.

Орталықтың мақсаты – білікті мамандардың көмегімен отбасылық мәселелерді шешу жолын қарастыру арқылы, ұлтымыздың болашағы – отбасы бақытын сақтауға өз септігін тигізу болып табылады.

Өңіріміздің кез-келген тұрғыны, орталыққа келу арқылы, отбасылық бақытын баянды ету мақсатында көкейтесті сұрақтарына жауап алып, туындаған түрлі мәселерінің түйінін шешу үшін білікті мамандардан кеңес алып қызметіне жүгіне алады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.