Отбасым – алтын ұям

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен қыз келіншектер арасында әртүрлі тәрбиелік танымдық шаралар өткізіліп келеді. Осы дәстүр аясында «Отбасым -алтын ұям» тақырыбында кезекті шара Семей қаласының Тыныбай мешітінде өтті. Аталмыш шара қасиетті құран аяттарымен басталып, отбасы құндылықтары тақырыбында уағызбен жалғасты. Өз кезегінде асыл жанды «Әжелер мектебі» жаңадан отбасы құрып сәбилі болған отбасыларымен ақыл кеңестерімен бөлісті. Әр отбасында атқарылып келе жатқан шілдехана жасау,балаға дұрыс есім таңдау, қалжасын беру, бесікке бөлеу,бесік жырын айту сияқты дәстүрлерді ашықтап, пайдалары мен артықшылықтарын әдемі насихатпен жеткізді.  Шараға қатысқан жас аналар елеп ескеріп, осындай шараға қатысуға себепші болған ұстаздарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді.  Ақ дастарқан басында бас қосып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.