Отбасым бақыт мекенім

Аягөз қаласындағы политехникалық колледжінде «Жастар жылына» байланысты колледж апталығында «Отбасым бақыт мекенім» атты конференция өтті. Осы жиынға мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы, зейнеткер – дәрігер, ардақты ана Гүлнәр Әменқызы қатысты. Проектордан «Қыз тәрбиесі»,  «Жар таңдау», «Отбасым» атты бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар арасында белсенділік ойындары ойнатылды. Дәулет Қинаятұлы отбасы құндылықтары жайлы қасиетті Құран аяттарын,  Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен, ата – бабалар аманаты жолынан насихат айтты. Гүлнәр Әменқызы қыз тәрбиесі жайлы кеңінен айтып өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, белсенділік танытушыларға кітапшалар берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі