Семей мешіт жамағатты мен  зекет қоры атынан ауруханаға қол арба табысталды

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі. Әрбір ауырған жаны жанға батқан кезде барар жері ақ халатты дәрігерлер. Бүгінде заманауи сауаттандырылған жандар көп болғанымен кей кезде қарапайым халықтың  көңілін табу оңайға  соқпайды. Осы жағдайды ескере келе ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының  ұйымдастыруымен  Семей мешіт жамағатты мен  зекет қоры атынан 6 қол арбасы ГЦМП қалалық ауруханасына халық игілігіне тапсырылды. Мекеме басшылығы имамдарға, мешіт жамағатына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.