Семейде Желтоқсан құрбандарын еске алып құран оқып дұға жасалды

Ү.ж 16.12.2019 жылы Семейдегі Мәңгілік ел көшесі бойында орнатылған Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 1986 жылы желтоқсан қозғалысына қатысқандар және Семей Жастар ұйымдарының атынан бір топ жастар гүл шоқтарын қойды.

Осыдан кейін, ҚМДБ –ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың басына барып Құран бағыштады. Шарадан кейін Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінде Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен қаламыздың  “Жастар ісі секторының” және қала имамдарының ұйымдастыруымен желтоқсан құрбандарын еске алып,ас беріліп, құран қатым түсірілді. Асқа арнайы шақырылған қала ақсақалы  Рымбек ақсақал сөз алып, Тәуелсіздік ел бақыты екенің айтып,болшағымыз жарқын болсын деп лебізін білдірсе,қала әкімнің көмекшісі Айдар Серікқазыұлы сөз кезегін  алып, ел бірлігі мен тыныштығын тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ас барысында Ерғали Али жиналған халыққа домбырамен терме жолдап, көпшілікке рухани күш берді.Ұлағатты ұстаз, зейнеткер, ақын, жазушы Серікқали ақсақал “Тәуелсіздікті бағалай біл” атты жырын тарту етті. Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы көпшілікке отансүйшіштік жайлы уағыз айтып, жастарға нақыл сөздерімен үгіт-насихат айтты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.