Семейде өткен мың айдан қайырлы Қадір түні Фото

Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде Семей Қос мұнаралы орталық мешіті көптеген шаралар өткізді. Сол күні мешітке ағылған адам санында шек болмады жергілікті Мешіт ауласына жиналған жамағат тарауих намазын оқыды.

Мұнан кейін арнайы бағдарламаға сәйкес наиб имам Омаров Ерлан «Қадір түнінің артықшылығы» жайында, найб имам Балтабеков Бауыржан «Намаздың ұлықтығы» туралы, тақырыбында уағыз жүргізді. Келген жамағатқа мешіт қызметкерлері намаз оқу үлгісін таратты

Жаратқан Иенің қасиетті де құрметті еткен Қадір түнінде Алла үйіне құлшылық етуге адамдар көп жиналды. Имандылықты жандарына серік етіп, Алладан рақым күткен  жандар имамдардың уағыз насихатын ұйып тыңдады. Мұнан соң Қадір түнінің ұлықтығын сезініп, Алланы зікір еткен жамағат тізіле сапқа тұрып тасбих намазын оқыды.

Семей қалалық жергілікті  ТВК – 6  телеарнасы  тікелей эфирде Қадір түніне арналған хабар таратты. Тікелей хабарда Өкіл имам бастатқан мешіт имамдары мен дін қызметкерлері Қадір түнінің қасиеті жайында, Рамазан айының ерекшелігі турасында уағыз насихат айтты.

Жаздың қысқа түні көзді ашып жұмғанша өте шығып, сәресі уақыты болғанда кәсіпкер бауырларымыздың   мың адамға арнайы дайындаған сусындар, айран, сүттер т.б… мешітке келген жамағат ауыз бекітті.

Қадір түнін мешітте қарсы алып, Аллаға деген ниеттерін  құлшылықпен арнаған мұсылмандар бір біріне ізгі тілек айтып, ойлаған арман мақсаттарының, Алла разылығы үшін жасалған істерінің қабыл болуын айтып тарасты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.