Семейде өткен спорттық ойын

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттері жамағаты арасындағы бірлікті, бауырмашылдық пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында. Қасиетті Ораза айттың құрметіне спорттық ойындарынан турнир өтті.

Іс-шараның ашылуына қатысқан ҚМДБ Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы.

«Қалалық спорт ойындарына қош келіпсіздер! Ислам дінінде денсаулыққа көңіл бөлініп, салауатты өмірдің маңызы өте жоғары бағаланады. Жастық шақтағы қадірі білінбес уақыт пен денсаулық нығметін бағалауға бағытталған іс-шараның берері зор», – дей келіп, спорттық додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс ережесі бойынша, 16-35 жас аралығындағы 5 адамнан құралған мешіт командалары  «Футбол», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру», «Қой көтеру» аталымдар бойынша сайысқа түсті.

Тартысты спорт додасы үш сағатқа созылды. Қазылар алқасы балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтауға ден қойды. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен үздік деп танылған мына командалар жүлделі орындармен марапатталды.

І орын  Төлеубекқажы мешіті

ІІ орын – Тыныбай мешіті

ІІІ орын – Курчатов қалалық мешіті

Сондай-ақ, спорттық ойындар сайысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншылар жеке-жеке марапатталды. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан өзге топтарға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.

Байрақты бәсеке Семей қаласындағы Турист қонақ үйінің жанындағы спорт алаңында өтті.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.