Шәкірттер арасындағы шағын футболдан жарыс

Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен мешіттер жанындағы жазғы діни сауат ашу курсында дәріс алушы шәкірттер арасында шағын футболдан жарыс өтті.  Топқа бөлінген ересек шәкірттер арасында І – ші орын «Сарыарқа ауылдық» мешіті иеленсе, ІІ – ші орын «Аягөз қалалық» мешіті командасы, ІІІ – ші орын Мамырсу ауылы, «Қазығұл ата» мешіті командасы иеленді. Ал, кіші топ шәкірттері арасында  І – ші орын Мамырсу ауылы, «Қазығұл ата» мешіті командасы ІІ – ші орын «Жаңауыл» мешіті командасы, ІІІ – ші орын «Аягөз қалалық» мешіті командалары иеленді. «Үздік ойыншы», «Әдепті ойыншы», «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша жүлдегерлерге марапат қағазымен медальдар табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі