Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы жекелей біріншілік

Аягөз қалалық мешітінде «Наурыз» мейрамы құрметіне арналған жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан аудандық жекелей біріншілік өтті. Тоғызқұмалақтан ұйымдастырылған жарысқа жүзден астам жасөспірімдер қатысты. Аудан көлемінде жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында, жылдағы үрдіспен ұлттық нақышта киінген ұл – қыздарға салауатты өмір салтын қалыптастырумен қатар имани қасиеттерді бойларына сіңіру. Бас имам Думан Нәдірұлы жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тілеп, асыл дініміздегі имандылық құндылығы жайлы насихат айтты. Екі күнге созылған жекелей біріншілік қызықтыда тартысты өтті. Төрешілер шешімімен жас ерекшеліктеріне қарай І орын, ІІ – ІІІ – орын иелеріне марапат қағазымен медаль сыйлықтар табыс етілді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі