Турнирден түскен қаражат жұртшылық алдында мұқтаждарға үлестірілді (ФОТО)

Елорда төрінде өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін ұйымдастырылған қазақ күресінен V Республикалық турнир ірі көлемдегі қайырымдылық шарасына ұласты.

Айтулы шара барысында Елордамыздағы Қарттар үйі мен SOS Балалар үйіне, сондай-ақ шұғыл түрде ота жасалуы керек үш жасар сәбидің анасы мен тұрмыс тауқыметін тартып жүрген он балалы анаға 1 000 000 теңгеден қайырымдылық  қаражаты берілді.

Айта кетейік, дүбірлі дода аясында орын алған қайырымдылық шарасы билеттен түскен қаржыға және спорт және өнер қайреткерлерінің, батыр-палуандар мен өнер жұлдыздарының, «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілдігі мен «Уақып» қайырымдылық қорының т.б. демеушілердің атсалысуымен жүзеге асты.

Спорт додасын тамашалауға келген елордалық ағайын ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға дән ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты.