Үржар аудандық мешітіндегі Рамазан айының құрметіне байланысты өткен жиын.

ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің, Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлының келе жатқан қасиетті Рамазан айын жоғары денгейде өткізу туралы тапсырмаларын орындау мақсатында Үржар ауданының орталық мешітінде ауыл молдаларымен жиналыс өтті.

Жиында ауданның бас имамы Нұрзат қажы Қасымұлы Бас мүфтидің Рамазан айына байланысты берілген тапсырмаларды баяндады. Жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныс пікірлерін, бірлесіп атқарар істерін ортаға салып, халыққа жеткізер насихат негіздері жайлы айтып өтті.

Үржар аудандық мешітінің баспасөз қызметі.