Эстафеталық жарыс

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында дәріс алушы шәкірттер арасында «Кім жылдам» атты командалық эстафета жарысы өтті. Сауат ашу орталығының ұстазы Айдын Дүйсенғазыұлы «Қаппен жүгіру», «Доппен жүгіру», «Паравоз жүгіру», «Допты шығыршыққа салу», «Артқа жүгіру», «Тез жүгіріп келіп, сұраққа жауап жазу» сынды жылдамдық ойындарын ұйымдастырды.  Жарысқа қатысқан төрт командалар арасында бас жүлде «Барыс» командасы, І – ші орын «Тұлпар» командасы, ІІ – ші орын «Арлан» командасы, ІІІ – ші орын «Сұңқар» командасы иеленді. Жеңімпаздарға марапат табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі