Абай Құнанбай ұлының 175 жылдығына орай, тоғызқұмалақтан ауданішілік жарыс болып өтті.

Жарыстың ашылуында  алғашқы болып сөз алған Ауданымыздың бас имамы Болат Самырбай жарысқа қатысушы оқушыларға, тоғызқұмалақтың тарихынан көптеген мағұлыматтар беріп өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ауданымыздың орталығындағы “Шыңғыстау” спорт кешенінде Абай Құнанбай ұлының 175 жылдығына орай, Абай атамыздың сүйіп ойнаған ойындарының бірі тоғызқұмалақтан ауданішілік жарыс болып өтті.

Жарыс 3 деңгейде өте тартысты. Үлкен топ бойынша үздік шыққандар: 1 орынды Назым қызы Айзада иеленсе, 2 орынды Қожағұл Ерасыл иеленді, 3 орынды Еркінов Нұрәли иеленді. Ортаңғы топ бойынша үздік шыққандар: 1 орынды Оразалин Нұрсұлтан иеленсе, 2 орынды Нұржан қызы Кәусәр иеленді. 3 орынды Дулат қызы Салтанат иеленді. Кіші топ бойынша үздік шыққандар: 1 орынды Бірлікқалиев Әлижан иеленсе, 2 орынды Серіков Лағыл иеленді, 3 орынды Еркінов Дінмұхаммед иеленді. Және үздік өнер көрсеткені үшін 4 оқушы марапатталды. Олар: Акшекина Аяла, Дархан қызы Айзат, Оралбекова Айару, Дүйсенбаева Кәусар. Барлық жеңіімпаздар Құнанбай қажы мешітінің атынан мадақтама мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Абай аудандық баспасөз қызметі.