Хәкім  Абайдың 175 жылдығына орай «Абай оқулары” атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан жарыс өтті.

Бұл сайыстың басқа сайыстардан өзгешелігі өлеңді оқып қана қоймай, мағынасын ашып түсіндіріуінде.

Қарауыл гимназиясының оқушылары Хәкім  Абайдың өлеңдерін бірінен соң бірі мәнерлеп оқып, мағынасын жан жақты түсіндірді. Сайыс соңында «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Болат Самырбай  сөз алып Хәкім  Абайдың даналығы, діндарлығы, қалың қазақ елінің қамын жеп айтқан өлеңдері мен қара сөздері жайлы оқушыларға ғибрат аларлықтай баяндап берді. Сайысқа қонақ ретінде ауыл ақсақалы, ақын Совет Ысқақ, Жидебай қорық музейінің директоры, ақын Нұржан Байтөс оқушыларға өз бағаларын беріп, үздіктерді анықтады. Алғашқы үш орын алған оқушыларға «Құнанбай қажы» мешіті атынан берілген бағалы сыйлықтарға ие болды.  Ынталандыру мақсатында бес оқушыға да сыйлықтар берілді. Бұған демеушілік жасаған Қарауыл орталық кітапхана ұжымы. Сайыс соңынан шағын Абай көрмесі ұйымдастырылып, Жидебай қорық музейінің қызметкері оқушыларды Хәкім  Абайдың өмірімен таныстырды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.